06 Қырқ 2023
Страницы КГУ «Основная образовательная средняя школа №14» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Мектеп тарихы

Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі, Ораз ата ауылы

«№14 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің тарихы

Келес ауданы, Біртілек ауыл округі, Димитров ауылы, Амангелді елді мекенінде орналасқан «№14 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іргетасы Кеңес Үкіметі кезеңінде №48 Орджоникидзе атындағы бастауыш мектеп болып ашылған.Бұл білім ордасы өз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Келес ауданы әкімінің 05.02.1993 жылғы №32 шешіміне байланысты №48 А.Иманов атындағы бастауыш мектебі болып өзгертілді. 1999 жылы №124 А.Иманов атындағы бастауыш мектебі болып ауысты.

2005 жылдан бастап №124 бастауыш мектебі №48 негізгі мектеп болып қайта құрылды. Сарыағаш ауданы әкімдігінің №258 02.03.2009 жылғы қаулысы бойынша №48 негізгі мектебі №124 негізгі орта мектебі болып өзгертілді. Келес ауданы әкімдігінің 03.05.2019 жылғы №139 қаулысымен бекітілген 4 - қосымшаға сәйкес №14 негізгі орта білім беретін мектебі болып өзгертілді.

Өз тарихында мектепті 1971 - 2003 жж Әміртай Мәдібеков, 1999 - 2005 жж Қызболды Ермишова, 2005 жылдан бастап қазіргі таңда Қыдырбаева Мариямгуль Жарылгасынова басқаруда.

Мектепте әр жылдары қазіргі кезде аты елге елеулі еңбегі Мемлекет тарапынан бағаланған өте көптеген азаматтар бітіріп шықты.

Мектеп ғимараты 2005 жылы тамыз айынан бастап 140 орындық 9 жылдық мектеп болып пайдалануға берілді. Мектептің жалпы жер көлемі 292кв/м. Мектептегі барлық қызметкерлер саны 41. Оның ішінде мұғалімдер саны 32, кіші қызметкерлер саны 11, мектепте жалпы оқушылар саны 1 - 9 сыныптарды - 247 оқушы, мектеп алды дайындық сыныбын қоса алғанда 256 оқушы білім алуда.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар